Жаңалықтар
НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ
22.04.2026
НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ
Каир қаласында 19–27 сәуір күндері жасөспірімдер арасында нысана көздеу бойынша Әлем кубогы өтуде. Бұл жарыста «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының жас спортшылары тамаша нәтиже көрсетіп, өз бағыттарында үздік атанды.Жүлдегерлер тізімі:
• Кирилл Цуканов — МП-5 дисциплинасы
• Олег Носков — МВ-9 дисциплинасы
Жас мергендердің бұл жетістігі олардың тыңғылықты дайындығы мен кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Олар халықаралық додада көк туымызды биікке көтерді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!