Жаңалықтар
ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТІП ЖАТЫР.
ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТІП ЖАТЫР.
11–27 сәуір аралығында Түркістан қаласында академиялық есу спорт түрінен U19 және U23 санаттары бойынша Әлем және Азия чемпионаттарына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өтуде.
Аталған жиынға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 4 спортшысы қатысуда. Оқу-жаттығу процесі тәжірибелі жаттықтырушылар Михаил Ковалев пен Айшамбек Ибрашев бақылауымен ұйымдастырылған.
Спортшылар тізімі:
1. Первушкина Тамара
2. Ануприев Дмитрий
3. Первушкин Семен
4. Сұлтан Мейіржан
Жиын барысында спортшылардың физикалық және техникалық дайындығын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл дайындық алдағы халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуге бағытталған.